Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Жылдық табысы бойынша "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду көш бастап тұр.

Туриндік клубта ойнайтын португалдық шабуылшы жылына 31 миллион еуро жалақы алады. Ол – қазіргі Серия А-ғы жұлдыз ойыншылардың бірі. Оның "Ювентуске" ауысуы – футбол әлеміндегі айтарлықтай оқиға болды. Италия чемпионатына көз салатын жанкүйерлер саны артты.

Роналдудан кейінгі екі орынға Маттейс де Лигт (€8 млн) пен Ромелу Лукаку (€7,5 млн) орналасқан. Ал жаттықтырушылар арасында ең көп жалақыны Антонио Конте алады. Интер бапкерінің жылдық табысы 11 миллион еуроны құрап отыр. Одан кейінгі орындардағы Маурицио Сарри (5,5 миллион еуро) мен Карло Анчелотти (5 миллион еуро) де аз алмайды.

Айта кетейік, футболдан Италия чемпионатының басталғанына да көп болған жоқ. Бар болғаны екі тур ғана өтті. "Интер", "Ювентус" пен "Торино" командалары ұпайдан шашау шығармай келеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: