«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына министрлікке қарасты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері қатысты.

Жалпы республикалық деңгейде өтіп жатқан акция қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Павлодар облысы бойынша филиал директоры Фархат Әлімовтың айтуынша, маңызды экологиялық шараны мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиалдары мен ҚР ЦДИАӨ министрлігіне қарасты мекемелер қолдады.

– Бүгін біз әріптестерімізбен Теміржолшылар кенті, орман алқабы бойы аймағын тазартудамыз. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап, қалдықтарды тастамауға шақырамын, – дейді директор.

 

 

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам