Осыған дейін жарыстың алғашқы күні 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы балуандар кілемге шығатынын жазған болатынбыз , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қазақ балуандарының арасынан алғаш болып кілемге шыққан 72 келідегі Демеу Жадыраев бірінші белдесуінде қарсыласын 9:0 есебімен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Алайда Демеу Жадраев 2-ші кездесуінде германиялық қарсыласына 4:3 есебімен есе жіберді. 63 келіде бақ сынайтын Алмат Кебіспаев алғашқы кездесуде Үндістандық қарсыласын жеңіп, келесі айналымға өтті.

pavlodarnews.kz

Тэги: