Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Кезекшілік бөліміне хабарлама сағат 21.05-те түсті, - дейді департаментте. - Ермаков көшесі, 5 мекенжайы бойынша жеке секторда 1957 жылғы адам жертөлеге құлап қалған. Жедел құтқару жасағынан оқиға орнына үш адам мен бір техника жұмылдырылып, қатты көтергіш арқылы жоғарыға шығарды. Ер адам көтерген кезде ес-түссіз жатты.

Медициналық көмек көрсеткеннен кейін ТЖД қызметкерлері тұрғынды жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен адам № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Ауыр деңгейде бас-ми жарақатын алған, субдуральды гематома тіркелді.

 

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам