Облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова мен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың азаматтардың көшпелі қабылдауы Тереңкөл ауданының тұрғындарына өздерін толғандыратын бірқатар мәселелерді шешуге көмектесті.

Ауыл тұрғындары атаулы әлеуметтік көмек алуға, зейнетақы мен тұрғын үймен қамсыздандыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, қарыз жүктемесінің төмендетуіне, баға белгілеу саласына қатысты қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

- Тегістік ауылының тұрғыны Ақмарал Бишель мүгедек ұлымен бірге тұрады, ауыл шалғай жерде орналасқан, сондықтан медициналық көмек уақытында келе алмайды, - деді облыстық мәслихатта. – Ол аудан орталығында тұрғын үй сатып алуға көмектесуді сұрады. Аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ернұр Әйткенов осы мәселенің шешімін жеке бақылауға алды.

Барлық сұрақтар бойынша өтініш берушілерге дәлелді жауаптар берілді. Бірақ одан әрі қарауды талап ететін мәселелер де болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, халық, қоғам,