Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Азатбеков мәлім етті.

-  Денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдардың жеке қаржысы есебінен жүргізіледі, - дейді Кенжебек Азатбеков. - Өңірде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы үшінші жыл жүзеге асырылуда. Биыл цифрландыру саласында орталық құзырлы орган ҚР-ның «Ақылды қалалары» стандартын бекітті. Бұл құжат «Ақылды қалаларды» 11 бағыт бойынша қамтиды.

Спикердің айтуынша, қолданыстағы басым бағыттардың қатарына экология, туризм, құрылыс, инклюзивті қоғамдағы өмір, қаланы басқару және ауыл шаруашылығын жүргізу бағыттары қосылған.

Аймақта цифрландыру  білім беру, денсаулық сақтау, ТҮКШ, көлік және қауіпсіздік бағыттары бойынша жүргізілуде.

2018 жылы әр бағытқа Жол карталары бекітіліп, жауапты салалық басқармалар, қала және аудан әкімдіктері таңдалған.

Жобаларды енгізуден жалпы экономикалық тиімділік 618 млн теңгені құраған. Бұл сомадан 548 млн теңге денсаулық сақтау саласына, 28 млн теңге білім беру саласына және  42  млн теңгесі ТҮКШ саласына тиесілі.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы