Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Біздің тарапымыздан автобус жүргізушілерін іріктеу бойынша қажетті шараларды іске асырудамыз. Зейнет жасына жеткен жүргізушілер зейнеткерлікке шығып жатыр, ал жастар осы кәсіпке келуге қызығушылық танытпауда», дейді «Astana LRT» ЖШС өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, автобус парктері тарапынан лайықты еңбекақы болуы пысықталуда.

«Нұр-Сұлтан қаласында жүргізушілер тапшылығы бар, бүгінде 700-ге жуық адам жетіспейді», - деді Б. Сеитов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Astana LRT» автобус пен тепловоз соқтығысуына қатысты түсінік берді.

pavlodarnews.kz

Тэги: