Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Кездесу "Олд-Траффорд" стадионында 19 қыркүйекте өтеді. Матчты QazSport арансы трансляциялайды, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00.

Манчестерге "Астана" келесідей құраммен аттанған:
қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов;
қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко;
жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Дидар Жалмұқан;
шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Муртазаев және Фирмин Мубеле.

Айта кетейік, "Астана" мен "Манчестер Юнайтедтен" бөлек L тобында голландиялық АЗ және сербиялық "Партизан" бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: