Бұл туралы облыстық еңбек басқармасының мемлекеттік инспекторы Ербол Сайфуров  айтты.

-   Он жұмыс күні ішінде қайғылы жағдайдың себебі анықталады, - дейді Ербол Сайфуров. - Кәріз құбырының бөлігінде  механикалық ағын сулары бақылаусыз шығып кетуі орын алған. Сәйкесінше, ол жерде жұмыс жүргізіп жатқан адамдардың бірі шығып үлгермеген. Су келмеу үшін вакуумды тығын тағып қоып, келесі жағынан суды шығарады. Бұл тығын қысымға төтеп бере алмаған. Нәтижесінде судың ағыны 1997 жылғы зардап шеккен адамды  алып кеткен. Сыртқа алып шыққан кезде ер адам кәріз суларына тұншығып кеткен. 

Мемлекеттік инспектордың айтуынша,  Ломов-1Мамыр көшелерінің қиылысынан Helios автожанармай құю станциясына дейінгі учаскені жұмыскерлер тазартқан. Сол кезде қысымды көтере алмай су атылып кеткен. 

1 Мамыр көшесі бойында жұмыскерлер құбырларды жоспар бойынша тазалаған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні сағат 11.04-де 1 Мамыр – Ломов көшелерінде жұмыскердің құлағаны туралы шақыру келіп түскен.

Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы шыққан. Нәтижесінде Ломов к-сі, 37/3  мекенжайында  жұмыс жүргізу кезінде 22 жастағы монтажшыны кәріз  құбырының суы алып кеткені анықталды.

Қасындағы адамдар  жігітті алып шығып, жедел жәрдем шақырған. Шұғыл медициналық көмек көрсетілгенімен, Ақсу қаласының тумасы көз жұмған.

Аталмыш факті тіркеліп, сараптама тағайындалды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға