- Павлодар облысы – қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаев және есімдері тарих беттеріне алтын әріппен жазылған Әлкей Марғұлан, Естай Беркімбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров сияқты танымал тұлғалар дүниеге келген киелі мекен. «МузАрт» тобы екі күн Павлодар облысында клип түсіруде. Кеше Баянауыл ауданында Торайғыр, Жасыбай, Сабындыкөл, Кемпіртас аймақтарын түсірсе, бүгін Шарбақты ауданында Маралды көлі мен Шалдайда жұмыс істеуде.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, «Ертіс-Баян» деп аталатын клип Ертіс өзені мен жаңа көпір сияқты өңірдің көрікті жерлерін қамтыған. Аталмыш туынды бір айдың ішінде  белгілі арналарда шығады.

- Түсірілім ертең аяқталады. Бұл қазақ тіліндегі Қазақстанның үздік жұлдыздары Ертіс өңірінде түсірген алғашқы клиптердің бірі, - дейді ол.

Еске сала кетейік, осы жазғы маусымда «МузАРТ»-тың өнерін тамашалауға келген көрермендердің саны өткен барлық концерттердің рекордын жаңартты. Ertis Promenade ашық сахнасында 50 мыңнан астам павлодарлық «МузАРТ» тобымен бірге «Көзімнің қарасы» әнін шырқады.

«МузАРТ» тобының әншілері Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Кенжебек Жанәбілов «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері. Алтын Самұрық «Ұлттық үздік әнші жүлдесі» жобасының он үздігінің қатарына енгені үшін марапатталған. 2013 жылы қыркүйекте MUZZONE телеарнасынын ЕМА премиясында «Үздік ұжым» номинациясын жеңіп алды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Meirambek Besbaev (@m_besbaev)17 Сен 2019 в 2:50 PDT

 

Ақбота Сейсенбаева

Фото Мейрамбек Бесбаевтың Instagram парақшасынан алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет