Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуының жалғасуымен Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстарында температураның әрі қарай жоғарылауы күтіледі. Мұнда алдағы үш тәулікте жаздағыдай жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп, күндізгі ауа температурасы плюс 23…30°С, оңтүстікте плюс 30…35°С дейін жоғарылайды.

Республиканың батыс және солтүстік облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа температурасы төмендеп, кей жерде найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюі күтіледі, сондай-ақ бұршақ болуы ықтимал.

pavlodarnews.kz

Тэги: