Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 13.35-те кезекшілік бөліміне есіктің жабылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бала балконға шығып, далада не болып жатқанын көргісі келген. Алайда есік жабылып қалған. Сол сәтте үйге кіре алмаған анасы «101» нөміріне қоңырау шалған, - дейді департаментте.

Өрт сөндірушілер автосаты арқылы балконға көтеріліп, есікті ашқан.

Сондай-ақ, сағат 14.50-те Дөнентаев көшесі, 32-ші үйде пәтерде алты жастағы бала үйде жалғыз қалған. Дүкенге шығып кеткен анасы үйге келген кезде есік ашылмай қалған.

Көмекке учаскелік инспектор мен жедел құтқару жасағынан екі адам, бір техника жұмылдырылып, арнайы құрал арқылы есікті ашқан.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам