Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Атырау Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауға 15 шақырым жер қалғанда Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, полиция патрульдік қызметінің Volkswagen Polo көлігімен соқтығысты.

"Апат салдарынан Toyota жүргізушісі, полиция лейтенанты және кіші лейтенант әртүрлі жарақат алып, ауруханаға түсті", - делінген ведомство хабарламасында.

Аталмыш дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оқиға орнында ПД жедел тобы жұмыс істеуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: