Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласының №10-шы балабақшасында полицейлер жол қозғалысының қауіпсіздік бұрышын жабдықтады. Сондай-ақ көше қозғалысына келетін жол белгілерін орнатуды ұйымдастырды. Аталған шара «Назар аударыңыздар, балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде жүргізілді.

- Бұндай сабақтардың балаларды жол тәртібіне үйретуде, жол қозғалысы ережесін сақтауда және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен құндылығы бар, - деді №10 балабақшаның директоры Ботакөз Қайыржанқызы. – Оған қоса, ата-аналардың да бұл тақырыпқа көңіл аударып, жол қозғалысының үлгілі қатысушысы болуға тырысуы қажет. Біздің ауламызға орнатылған белгілер – кішкентай бөбектеріміз үшін күнделікті сабақ. Біз оларға әрдайым жол қозғалысы ережесін ескертіп отырамыз.

Іс-шара шеңберінде полицейлер білім беру мекемелері мен мектептерге жақын орналасқан жолдардан балалар қауіпсіз өтулері үшін жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдарды ауыстыру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде реттелмейтін 38 жаяу жүргіншілер өтпесінде 76 жарықдиодты «Жаяу жүргіншілер өтпесі» атты жол белгісі орнатылды.

Көше-жол желілері және оқу мекемелері мен оған жақын тұрған іргелес аумақта орналасқан жол қозғалысын ұйымдастыратын техникалық құралдардың жағдайы тексерілді. Сары түсті қолдана отырып, жаяу жүргіншілер өтпесінің 54 белгісі жаңартылып, 32 жол белгісі, жасанды олпы-солпылық жол орнатылды.

Сонымен қатар, оқушылар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін және бастауыш сынып оқушыларымен жолдағы жол тәртібінің әдістерін үйрету бойынша дәрістер жүргізілді.

Айта кетейік, биыл балалардың қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 3 бала көз жұмды, тағы 99 бала жарақат алды. Акция жүргізу кезеңінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 1143 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жол ережесі, балалар, ПД