Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 қыркүйекте 47 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны, оның Шешембеков көшесіндегі үйдің ауласында тұрған Volkswagen маркалы автокөлігінен белгісіз тұлға артқы әйнекті сындыру арқылы төрт дана отын аппаратурасының бөлшектерін ұрлап кеткені туралы полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарлады.

- Оқиға орнында полиция қызметкерлері артқы терезені сындырған кірпішті тапты. Қызметтік итті қолдана отырып, кірпіштегі иіс ізімен жұмыс істеу бойынша шешім қабылданды, - деп хабарлайды полицейлер.

Ультра бірден ізді алып, полицейлерді көршісінің пәтеріне әкелді. Пәтерді қарау кезінде тәртіп сақшылары заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Ұсталынған жігіт – 30 жастағы бұрын сотталған қала тұрғыны. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бұлтартпау шарасы ретінде кетіп қалмау туралы қолхат таңдалды.

Айта кету керек, кинологиялық қызмет орталығы мен полиция департаментінде 35 қызметтік-іздестіру ит жұмыс істейді. Олардың көмегімен 1000-ға жуық шақыртуларға «қызмет көрсетіліп», 200-ге жуық қылмыстар ашылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап барлық аумақтық полиция бөлімдерінде кинологиялық қызметтің топтары құрылып, онда 13 дайындалған қызметтік иттер қызмет етеді және бұл өз нәтижесін беруде.

pavlodarnews.kz

Тэги: қылмыс, қызметтік ит, полиция, ұрлық