Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі ұйымдастырған шара қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

- Семинар барысында Қазақ гуманитарлық заң университеті филология ғылымдарының кандидаты Бекзат Динаева Павлодар ауданы, Баянауыл, Успен аудандарының қазақ тілі оқытушыларына іс-жүргізу мәселелері туралы дәріс оқыды, - дейді ұйымдастырушылар.

Онлайн семинарда латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін оқыту мәселелері талқыланды. Дәріс оқушылар тыңдаушыларға жаңа әліпбидің құрылымы, ерекшеліктері туралы ақпараттар берді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жаңа әліпби, семинар