Кеншілер қаласындағы стадионның жөндеу жұмыстары былтыр басталған болатын. Көрермен орындықтары мен жаңа электрондық табло орнатылып, әкімшілік корпусты әрлеу, мінбер астындағы бөлмелерді жөндеу жұмыстары атқарылды. Одан бөлек, жаңа жасанды футбол көгалы төселіп, дренаждық жүйе ұйымдастырылды.

- Екібастұзда ауқымды іс атқарылды, - дейді Олжас Абраев. – Көгалды ғана жаңартпай, стадиондағы бірқатар нысандар реттелді. Мінберлер клуб түстеріне қарай түске боялды. Бұл қала футболды сүйеді және көрермен қауым өз командасына қолдау көрсеткенде қуанышқа бөленетін болады.

«Екібастұз» футболшылары жаңартылған аренадағы алғашқы матчты бүгін шымкенттік «Қыранға» қарсы өткізеді. Оған дейін екібастұздықтар өз матчтарын Павлодардың орталық стадионында өткізген еді. Павлодардағы аренаның көгалы ауыстырылған кезде Ertis үшін кездесулерін «Шахтерде» өткізуге мүмкіндік туды.

- Бүгінде павлодарлық орталық стадионының жасыл алаңы нашар жай-күйі мен FIFA берген лицензиясының жақында аяқталуына байланысты Лиганың ерекше назарында. Келесі жылы алаңда футбол матчтарын өткізу мүмкіндігі төмен. Көгалды ауыстыру қажеттілігі күннен-күнге артып келеді, - дейді Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының өкілдері.

Арслан Ғалымбек

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: футбол, Орталық стадион, Премьер-Лига, Ertis FK, Ертіс ФК, Екібастұз