Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Тек республиканың батыс және солтүстігінің кей жерінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Ақтөбе, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысында күндіз Жалаңашкөл аймағында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерінде 23-28 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, бұршақ күтіледі. Павлодар облысында желдің екпіні 15-20, кей жерінде 25 м/с жетеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: