ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен елімізде қыркүйектің үшінші жексенбісінде «Қазақстан халқының Тілдер күні» мерекесі аталып өтіледі. Мұндағы мақсат – туған тілді құрметтеп, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, әр ұлттың дәстүрі туралы білімді кеңейту.

Осыған байланысты жастар бастамаларын дамыту орталығында әртүрлі тілдік мектептерде шеберлік сыныптары өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шет тілдерін оқуға көбірек адамды тарту көзделді.

- Біз аталмыш шараға студенттер, тіл мектептерінің оқушылары мен әртүрлі тіл өкілдерін шақырдық, - дейді АРТ-медиаорталықтың жетекшісі Аида Байтемірова. – Қонақтар үшін тіл алаңдары жұмыс істейді және диалогтар, топтық ойындар, конкурстар мен мамандардан тілді үйрену бойынша кеңестер өткізілді. Осындай игі шараға 50-ден астам адам қатысты. Бұл бастаманы қолдаған ағылшын, әзербайжан, татар-башқұрт, чуваш тілдері орталықтарының мамандары мен тәлім алушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ұлттық жаңғыру мектебінің әзербайжан бөлімшесінің оқытушысы Эльмира Зейналованың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы әзербайжан тілі бөлімшесі 1997 жылы құрылған. Кезінде екі оқушыдан басталған тіл мектебінде қазір отыздан астам оқушы білім алуда. 

- Бастапқыда, ҚХА жанындағы бөлімше әзірбайжан диаспорасы үшін, яғни балалар өз тілін ұмытпау үшін ашылды, - дейді Эльмира Зейналова. – Бірақ бірнеше жылдан бері адамдардың санасында өзгеріс пайда болды. Қазір барлық ұлттық өркендеу мектептерінде түрлі ұлт балалары білім алуда. Яғни, жастардың ұлттық тілге деген қызығушылығы артуда. Жастарға халықтың мәдениетін білу, оның салт-дәстүрлерін көру өте қызықты. Міндетті түрде біз салт-дәстүрлер арасында параллель өткіземіз. Сол тілде де жасалады. Әзербайжандық сабақта «Vətən» (Вәтән) сияқты сөз айтылса, балалардың ойына «Отан» деген сөз келеді. 

Айта кетер болсақ, аталмыш іс-шара шетел тілдері білім алушыларының арасында ауызша оқуға және жастарды шет тілін үйренуде бір-бірімен тәжірибе алмасуға бағытталғандықтан ұйымдастырушылар әр ай сайын түрлі тілдермен таныстыру мүмкіндігін ойластыруда.

Айгүл Жүсіпова

Фото Ольга Бугаева
 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, тіл, жастар