Облыстық полиция департаментінде өткен дөңгелек үстел барысында сөз алған облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полковник Асқар Серғазин тәртіп сақшылары тұрғындармен тығыз қарым-қатынас құруға мүдделілігін жеткізді.

- Биыл «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында 8245 тұрғыннан 8946 сауал келіп түсті, - деп хабарлады Асқар Серғазин. – Аталған акциядан әлеуметтік желілерге тікелей көрсетілім жүргіздік. Соның нәтижесінде онлайн режимінде тағы 750 сауал жолданды. Көбісі әкімшілік айыппұл, жүргізуші куәліктерін алу, көлік тіркеу және басқа да мәселелерге қатысты қойылды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері облыстық полиция департаментінің басшылығы 253 азаматты, ал құрылымдық бөлімшелер басшылығы 582 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Департамент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық ПД сайты мен департамент бастығының жеке блогы ашылған. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар және 55-28-22 сенім телефоны жұмыс істейді.

Айбек Жұматов

Фото: облыстық ПД баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: полиция, тұрғындар, «Жолда қабылдау», тәртіп, құқық