Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Көшпелі отырыс барысында министр орынбасары қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.

«Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Жедел қызметкерлердің жалақысы - 25, ал қалған қызметкерлердің жалақысы - 20 пайызға артады. Бұл жұмыс жалғасып жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар «пробация мерзімінде есепте тұрған құқық бұзушылардың» тәуекелін бағалау тетігін енгізу мәселесіне де тоқталды.

«Біз екі форум өткізіп, ведомствоаралық үлкен жұмыс тобын құрдық және қазіргі уақытта сол жақта жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмыс тобында көтерілген ұсыныстар тек қана біздің полиция қызметкерлері тарапынан ғана болмауы үшін жасалып жатыр. Салалық сарапшылар қауымдастығы тарапынан да барынша толықтырулар болғанын қалаймыз. Апробация қызметінің психологын жеткізуге қатысты айтар болсақ, 44 психолог енгізілді. Бұл жұмыс жалғасып жатыр», - деді Алексей Калайчиди.

pavlodarnews.kz

Тэги: