Экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі Эльмира Арынованың айтуынша, көрменің мақсаты – балалардың шығармашылығын кеңінен насихаттау, дамыту және қолдау. Оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерімен танысу.

Көрермендерге пейзаж, натюрморт, портреттер сияқты түрлі техникадағы суреттердің вернисажы ұсынылды: майлы, акрил, графика, көркемөнер және қолөнер – матаға сурет салу, фельтинг, кесте және керамика.

- Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы 1979 жылдан жұмыс атқаруда, - дейді Эльмира Арынова. – Біз бұл мектеппен тығыз қарым-қатынастамыз. Оқып жүрген жас суретшілерінің саны әр жыл сайын өсуде. Қазір мектепке 400 шамасында оқушы қатысады, соның ішінде «Бүлдіршіндер елі» өнер студиясының балалары 4 жастан бастап шығармашылықтарын дамытуда. Мектеп жұмысының негізгі көрсеткіші – балалардыңя ыс сурет байқаулары мен көрмелерге қатысуы. Кішкентай суретшілер мен олардың мұғалімдері үнемі Қазақстан, Ресей, Польша, Үндістан, Чехия, Тайвань, Ұлыбритания, Германия, Эстония және басқа елдерден қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар мен көрмелерге қатысып, әрдайым жүлделерге ие болады.

№ 1 Балалар көркемсурет мектебінің ұжымы өзінің жұмысымен жас ұрпақтың жалпы көркемөнер-эстетикалық мәдениетін көтеріп, балалар мен жас өспірімдердің арасында Қазақстан халықтары мәдени мұрасының құндылықтары мен идеяларын насихаттауда.

Бөлім меңгерушісінің мәліметінше, мектептің Республикадағы беделдігі және балалар бейнелеу шығармашылығы саласында сіңірген қызметі нәтіжесінде, сонымен қатар әр жыл сайын балалар сурет байқауындағы көптеген жеңістерімен байланысты, 2006 жылғы сәуір айында Павлодар қаласы БКСМ құрметті халықаралық ЮНЕСКО клубының мәртебесін алды.

«Шығармашылықтың калейдоскопы» көрмесі 6-шы қазанға дейін жалғасады және оған жалпы саны 150-ден астам жұмыс қойылды.

 Айгүл Жүсіпова

Фото: облыстық көркемсурет мұражайы

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көрме, өнер