Қоғамдық кеңестің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссия төрайымы Гүлбарам Наурызбаева екі ай бойы кеңес мүшелері әр қала мен ауданға барып, жастардың  жағдайымен танысқан жұмыстың қорытындысын жариялады.

- Биылғы жылы тұрақты жұмысқа орналастырылған жастардың жалпы саны 1791 адамды құрады, - деп мәлімдеді Гүлбарам Наурызбаева. - Оның 650-і ауылдық жерлерде. Талдау жұмыспен қамтудың ең төмен көрсеткіші – Ақсу мен Успен ауданында, ал ең жоғары көрсеткіш – жүз пайыз - Екібастұз, Ақтоғай және Май аудандарында тіркелгенін көрсетіп отыр.

 Кеңес мүшелерінің пікірінше, тұрғын үйдің болмауына байланысты көптеген жас мамандар ауылдық аймақта тұрақтай алмайды және ақпарат тиісті деңгейде жетпей жатады. 

- Кез келген ауыл, тіпті аудан орталығында жастардың бос уақытын тиімді қамтамасыз ете алмайды, - дейді Гүлбарам Наурызбаева. - Әр аудандағы жастардың пікірін ескере отырып, бос уақытты қамту бағытындағы нысандардың құрылысын салуды немесе қайта құруды қарастырған дұрыс. Сауалнама нәтижесінде респонденттердің 25 пайызы - жоғары еңбекақы, 20 пайызы - тегін баспана, 16 пайызы - өзін жүзеге асыру және 14 пайызы  қызықты жұмыс арқылы тартуға болады деген.  

Сондықтан қоғамдық кеңес өкілдері ведомстволық тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз беру тәжірибесін қайтаруды ұсынды. Дегенмен, аймақ басшысы басқа  жолды қарастыру жөнінде пікірімен бөлісті.

 - Қызметтік тұрғын үй салу мәселесінде біз ірі жұмыс берушілерімен ынтымақтасуға дайынбыз, - деді әкім. - Мысалы, «Галицкое» ЖШС-нің басшысы Александр Косицинге 15-20 үй салуды ұсындым. Егер үйдің құны шартты түрде 10 миллион теңгені құраса, оның жетеуі - бюджеттен, үшеуі кәсіпорын есебінен төленеді. Алайда, жаңа пәтерлер еңбек күші мол аймақтардан немесе Нұр-Сұлтаннан қоныс аударушыларға берілетін болады. Өйткені біз бюджет есебінен жеке кәсіпорындардың қызметкерлері – тек бюджетшілер үшін тұрғын үй сала алмаймыз.

 

 Фото: Ольга Музалевская

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам