Еліміздің солтүстік-батысының кейбір жерлерінде мол көлемде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

. Республиканың қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі. Маңғыстау, күндіз Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарында түнде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: