FlyArystan әуекомпаниясының мәлімдеуінше, күнделікті ұшатын тағы да бір рейстің пайда болуы  нәтижесінде  FlyArystan Павлодардан және Павлодарға ұшып шығатын жолаушыларға бір жыл ішінде 130 000 орынды ұсына алады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін лоукостердің қызметіне жүгініп, сапар шегетін павлодарлықтар әуекомпания ортақ жолаушылар санының 15%-ын құрайды. 

- Көпшіліктің көңілінен шыққан Алматы - Павлодар - Алматы бағыттары бойынша алғашқы рейс 2019 жылдың 30 мамырынан бастап орындалды.  Осылайша жергілікті әуежайдың жолаушылар саны 42%-ға өсті. FlyArystan пайда болғаннан кейін еліміздің барлық әуеайлақтарында ұшақпен  қатынайтын жолаушылар саны күрт өскенін байқауға болады, - дейді компанияда.

Жаңа рейс Павлодар мен Нұр-Сұлтан қалаларын байланыстырудың арқасында жергілікті тұрғындар екі қала арасында бизнестерін дамытып, туған-туысқандарына бара алады.

2020 жылдың соңына дейін алғашқы қазақстандық лоукостер әуепаркін 10 ұшаққа дейін жеткізіп, рейс пен жаңа бағыттар санын 5 есеге көбейтуді көздеп отыр.

Еске сала кетейік, 3 қыркүйекте әуетасымалдаушы аталмыш бағыт бойынша 5999 теңгеден бастап қатынайтыны туралы хабарлаған болатын. Енді бүгінде алғашқы отандық лоукостер билет құнын 4999 теңгеге дейін түсірген.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар - Нұр-Сұлтан, FlyArystan әуекомпаниясы