Бүгін апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, облыс әкімдігі, Ақтоғай ауданы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметшілері ерекше форматта мемлекеттік қызмет жәрмеңкесін өткізді.

- Қала тұрғындарының сұрақтарына сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік қорғау, қаржы, білім беру бөлімдерінің, сондай-ақ Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жауап берді, - деп хабарлады аймақтық МҚІД бас маманы Әсет Байманқұлов. - Қалалықтарды АӘК, жер телімдерін алу, жұмысқа орналастыру, тұрғын үйге, балабақшаларға кезекке қою, пәтерлерді қайта жоспарлау мәселесі қызықтырды.

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері «M-Gov» мобильдік азаматтар базасында павлодарлықтарды онлайн-тіркеу жүргізді, egov.kz электрондық үкімет порталын және Telegram сияқты сервистерді қалай пайдалану керектігін үйретті.

- Облыс орталығының бір тұрғыны жеке кәсіпкер бола тұра, апта сайын ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысады және өз кәсіпорнын кеңейткісі келеді, - деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Аманбек Ұнатұлы. - Біз оған шағын несиені қалай алуға болатынын, ол үшін қандай құжаттар қажет екенін айтып бердік. Дүйсенбі күні оны жұмыспен қамту орталығында күтеміз. Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінің арқасында Наталья Барышева өз мәселесін шешті. Енді оған сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгінудің қажеті жоқ. Мамандар әйелдің мәліметтері мен сұрағын жазып алып, нәтижелері туралы телефон арқылы хабарлауға уәде берді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Ақтоғай ауданы мен Тереңкөл ауданы қатысты. Павлодар мен Аққулы аудандары көкөніс, картоп пен қарбыз сатты.

- Картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат келісі – 60 теңгеден, сиыр етінің келісі орташа есеппен – 1400 теңге, жылқы етінің келісі – 1500 теңге, қой еті – 1300 теңге, - дейді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Арман Әсіпов. - Алдағы екі айда баға тұрақты болады.

Арман Әсіповтың ақпараты бойынша, қазан айының соңында ет жәрмеңкенің ашық алаңында сатылады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам