Екібастұз қаласының кәсіпкері 2012 жылы Павлодарда екі жер учаскесін сатып алып, Торговая көшесі бойында құрылыс супермаркетін салған.

Филиал директоры Марат Ақбергенов сол кезде және қазіргі уақыттың өзінде аталған жер учаскелерінде қандай да бір бөтен жылжымайтын мүлік тіркелмегенін атап өтті.

Алайда, сатып алынған жер телімінінің, сондай-ақ жаңадан салынған «АКВИЛОН» супермаркеті ғимаратының астында жылу трассасы өтеді. Ол Веретенниковқа тиесілі екені анықталды және оны ғана емес, иелері бар көршілес құрылыстарды да жылумен қамтамасыз етеді.

«АКВИЛОН» иесінің айтуынша, өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған жылу трассасы апатты жағдайда тұр. Өйткені, ешқашан жөнделмеген. Жылу желілерінің қызмет ету мерзімі 25 жылдан асып кеткен соң, әрі қарай қызмет көрсету кәсіпорын қызметкерлерінің өміріне және кәсіпорынның жұмысына қауіп төндіреді.

- Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «АКВИЛОН» компаниясының меншік иесі Ясиновский Веретенниковқа және жылу трассасын пайдаланатын басқа көршілерге жылу трассасына жөндеу жүргізуді, сондай-ақ ішінара ешқандай кедергі келтірмейтіндей етіп көшіруді ұсынды. Алайда, бұл ұсыныстан Веретенников үзілді-кесілді бас тартқандықтан, Ясиновский сот тәртібімен жер учаскелерін пайдалану және оларды босату кезіндегі кедергілерді жоюға мәжбүр болды, - деді филиал директоры.

Сотта Веретенников жылу трассасына меншік құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын сотқа бере алмайтыны анықталды. Сондай-ақ ол бөтен жер телімдері, соның ішінде мемлекеттік жерлер бойынша өтіп жатқан жер учаскелеріне құқығын ресімдемей, жылжымайтын мүлік ретінде жылу трассасын заңдастырған.

Сонымен қатар, сотта Веретенниковтың басқалардың жер телімдерінде жылу трассасын орналастыруға рұқсат беретін жеке сервитут жөніндегі келісімшарты немесе өзге де құжаты жоқ екендігі анықталды. Сондықтан сот осы шартты жасасу мүмкіндігі жойылмағанын көрсетті.

Павлодар облыстық соты бірінші инстанцияның шешімін қолдады.

Одан кейін Веретенников жер учаскесінің меншік иесі басқа көрші учаскенің меншік иесінен көрші учаскені шектеулі пайдалану құқығын беруді талап етуге құқылы болған кезде жеке сервитутты белгілеу туралы талаппен сотқа жүгінген.

Сот кезінде жылу трассасына құқық иеленуші құжаттар ұсынылмағанына қарамастан, Павлодар қалалық соты Веретенниковтың талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарған және заңда талап ететін тиісті келісімшартты жасамай «АКВИЛОН» дүкенінің астына жеке сервитут орнатқан.

Бұл ретте, сот шешімімен іс жүзінде жылу трассасы өтпейтін жер учаскесі бойынша жеке сервитут орнатылған.

Өз кезегінде Ясиновский жылжымайтын мүлік ретінде жылу трассасын тіркеу туралы жазбаны жою және заңдастыру туралы шешімді заңсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Себебі, жылу трассасы осы жерлерге құқықтарды ресімдемей, бөтен жерлерде тіркелген. Шын мәнінде шешім бөтен жер учаскесін нақты басып алуды заңдастырған болып шықты.

Осы істі қараған Павлодар облысының МАЭС талап қою мерзімінің өтіп кетуіне байланысты талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Алайда, Ясиновский өзінің жерлерінде шешім негізінде бөтен жылжымайтын мүліктің тіркелгені туралы жер учаскелерін пайдаланудағы кедергілерді жою және оларды босату туралы аталған сот процесінде ғана білген.

- Жылу желісіне құқықтарды дұрыс ресімдемеу (жерге құқықты ресімдемей) кейіннен іс жүзінде бөтен жерді басып алуға әкелуі мүмкін, - деп санайды Ясиновский. – Егер көршілердің заңсыз талаптары назарға алынса, онда біздің дүкеннің жұмысы тоқтап қалатын болады.

Сот процесі 2019 жылдың 26 қыркүйегінде Павлодар облыстық сотында өтеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: