Колледж директоры Жанат Беспаевтың айтуынша, білім сайысының мақсаты – студенттердің оқу кезінде алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде сынау.

- Сондай-ақ олимпиада көптілділік деп аталғаннан кейін мұнда жастардың «үш тұғырлы тіл» жобасы аясындағы білімдері тексеріледі, - дейді Жанат Беспаев. – Олимпиада кіріспе My profession, үш тілде мәтін жазу және үш тілде тест тапсыру секілді үш кезеңнен тұрды. Студенттердің білімдерін облыстық білім беру басқармасы өкілдері бастаған қазылар алқасы бағалады.

Олимпиада нәтижелері бойынша бірінші орынды Ертіс аграрлық-техникалық колледжінің студенті Арман Титанов, екінші орынды – Успенка аграрлық-техникалық колледжінің студенті Дамира Нұрленова, ал үшінші орынды – Ertis Жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенті Нұркен Низамов иеленді.

«Қазақ тілінің үздігі» болып Тереңкөл аудандық аграрлық-техникалық колледжінің студенті Татьяна Котенева танылса, «Орыс тілінің үздігі» - Ақтоғай аудандық аграрлық-техникалық колледжінің студенті Айшагүл Айылбаева, ал «Ағылшын тілінің үздігі» атағын Русская Поляна аграрлық техникумының студенті Дарья Калашникова ұтып алды.

Барлық жеңімпаздар сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айбек Жұматов
Сурет аудандық ішкі саясат бөлімінен алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ауданы, көптілділік, олимпиада, колледж, білім