Саябақтың барлық периметрі бойынша суды азайту жүйесі салынады. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бақытжан Әлімғазиновтың айтуынша, желінің жалпы ұзындығы бір шақырымнан аспайды. Жұмысты келесі жылы аяқтау жоспарланған.



Өңірлік сенбілік аясында саябақта ағаш отырғызуға қатысқан Павлодар облысының әкімі алдымен саябақтағы суды бұрып, содан кейін оны көгалдандыру керектігін атап өтті.



- Ең алдымен суды азайту мәселесін шешіп, саябақты көгалдандыруға кірісуіміз қажет, - деді Болат Бақауов. – Осыдан кейін біз көріктендіруге көшеміз. Өйткені, қазір саябаққа түсіп тұрған жүк онша көп емес.



Болашақта Металлургтер саябағында 100-ден астам шаған ағашы, 700 терек, 200-ге жуық түп мойыл, спирея мен долана отырғызылады деп жоспарлануда. Бүгін Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында өткен облыстық сенбілік аясында саябақта бірнеше ондаған көшеттер отырғызылды.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, саябақ, ағаш отырғызу, қайта құру