Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 6 қазан күні орын алған.

- Академик Бектұров көшесіндегі «Сенім» сауда үйінің алдында реттелмейтін жаяу жүргінші жолағында 71 жастағы «РАФ 2203» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деді департаменттің баспасөз қызметінде. – 1948 жылы туған зейнеткер әйел алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Айта кетейік, оқиғаға қатысты сот медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Департаменттің хабарлауынша, аталған факт бойынша ҚРҚК 3-бабы, 345 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ЖКО, ПД