Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, 2019 жылы облыс бойынша жалпы егін жинау алаңы 1097,8 мың га құрайды.

- Бұл өткен жылдың деңгейінен 87,3 мың гектар немесе 8,6 пайызға артық, - деді басқармада. – Оның ішінде: дәнді дақылдар 785,7 мың гектар, майлы дақылдар – 210,4 мың жемдік – 74,9 мың, картоп – 17,8 мың, көкөніс – 6,5 мың, бақша дақылдары – 2,8 мың гектарға жетеді.

Қазіргі уақытта дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Жалпы түсім – 786,8 мың тоннаны құрады (2018 жылы 748,8 мың тонна). Орташа өнімділік гектарына 10 центнер.

Сондай-ақ картоп толығымен 17,9 мың га алқапта жиналды. Жалпы түсім 542 мың тоннаны құрады (2018 жылы 478,6мың тонна). Орташа өнімділік гектарына 304 центнер.

Ал, көкөніс 5,9 мың га (90%) алқапта жиналды. Жалпы түсім 187,2 мың тоннан, орташа өнімділік гектарына 317 центнерді құрады.

- Егін жинау жұмыстары жалғасуда, - деді басқармада. – Алдағы мал қыстағын сәтті жүргізу үшін, аудандарға алда: 911,5 мың тонна – шөп, 201,6 мың тонна – сабан, 118,7 мың тонна – сүрлем, 54,5 мың тонна – пішендеме дайындау қажет.

Бүгінде шөп шабу аяқталған. жалпы көлем 1341 мың тоннаны (147%) құрады. Қыстауларға 965 мың тонна жеткізілді. Орташа өнімділік гектарына 8,3 центнерді құрайды. 60,5 мың тонна немесе 111% пішендеме дайындалды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, егін жинау науқаны, ауыл шаруашылығы