Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Дүкеннен азық-түлік және жуынатын заттарды сатып алып, үйіне қайтып бара жатқан ер адамға 24 жастағы жергілікті тұрғын жақындайды. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған жігіт ақша сұрай бастаған. Ер адам ақша жоқ екенін айтып, әрі қарай жүре берген кезде бірден соққы алған, - дейді департаментте.

22 жастағы ауыл тұрғынының қолынан азық-түлік пакеттерін жұлып алған қаскүнем қашып кеткен. Ауыл тұрғыны жедел түрде учаскелік көмекшіге қоңырау шалып, болған жайт туралы айтып берген.

Оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Бауыржан Асылбеков жәбірленушіні автокөлігіне отырғызып алып, күдіктіні іздей бастайды.

Учаскелік полиция қызметкері ақшасы жоқ тонаушы бағыттас көлікпен қалаға жетуі мүмкін деген оймен бірден жолға шығып, күдіктіні қолға түсіреді. Құрықталған ұрлаушы пакеттегі айран мен бәліштерді жеп үлгерген.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам