Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы мен тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті өңірдің түзету мекемелерінде тұрғындарды вакциянациялау мәселелері және одан бас тартудың қауіптілігі туралы дәрістер өткізді.

- Эпидемиолог-дәрігер Қарлығаш Райысова екі күн ішінде колонияларда эпидемиялардың пайда болуының себептері, балалар мен ересектерді вакцинациялау, инфекциялық аурулардың алдын алу туралы лекциялар оқыды, - деді департаментте. – Кездесу негізінен экстремизм және терроризмге қатысты қылмыстары үшін жазаларын өтеп жатқан адамдарға арналды. Себебі, дәстүрлі емес ағымдар өкілдерінің діни көзқарастары бойынша екпе алудан бас тартуы жиі кездеседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, эпидемиология саласының маманы тыңдаушыларға Қазақстанда екпеден бас тартқандарға айыппұл салу шарасын енгізу жоспарланып отырғандығы жөнінде айтқан. Кездесу барысында сотталғандарға ата-аналарының екпеден бас тартуынан көз жұмған, мысалы, сіреспе (столбняк) ауруынан қайтыс болған балалардың жағдайлары туралы бейнеролик көрсетілді.

Сотталғандар әр түрлі ауруларға қарсы екпелер бойынша сауалдар қойып, маманнан толық жауаптар алды.

pavlodarnews.kz

Тэги: