Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, 9 қазан күні еліміздің басым бөлігі жоғары қысымның ықпалында болады. Соған байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыс аймақтарда да жауын жаууы мүмкін.

Республиканың кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жыламдықпен соғады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: