Қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың мәліметінше, Павлодар қаласының құрама командасы 1-орынға ие болды. Жалпы, біріншілікке Павлодар мен Қарағанды қалаларынан 7 құрама команда қатысқан.

Павлодарлық қыздар командасы құрамында болған 14 ойыншы қаламыздың № 29, 36, 5, 16 жалпы орта білім беру мектептерінің 2007 жылы туған 5-6 сынып оқушылары. Құрама команда капитаны № 29 мектебінің 6-сынып оқушысы Дарья Мозговая.

- Расында қарсыластарымыз өте мықты болды, біздің құрамамыз ұйымшылдығының арқасында жеңіске жетті, - дейді команданың бапкері Марина Ефимова. - Команда капитаны Дарьяның спорттың бұл түрімен «Север» клубында айналысқанына үш жыл толды. Осы мерзімде көптеген жүлделерге ие болды. 2018 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық чемпионатта командамыз 2-орынға қол жеткізіп, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы ел чемпионатында жүлделі 2-орынға ие болды. Дарья қосымша мектептегі волейбол мен баскетбол спорттық секцияларына қатысады.

Айта кетейік, аталмыш чемпионатты 26-30 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, гандбол, спорт, чемпионат, Қарағанды, оқушылар