Павлодар облысы білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жомарт азамат жалпы сомасы 500 мың теңгеге он шаңғы, үш роликті коньки сыйға тартты

- Акцияның мақсаты мектептің дамуына демеушілік көмек көрсетіп, білім саласында әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруда демеушілер қолдауын көбейту, осы арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісіне ықпал ету болып табылады, - деді білім беру басқармасында. - Түлектердің сыйластығы мектепке, мұғалімдерге деген алғыстарынан көрінеді. Табысты түлектердің өз мектептерін ұмытпай, көмек қолын созуы қуантарлық жағдай. Табысқа жеткен оқушылардың бірі - Сүйіндік Каденовтың өзі оқыған білім ордасына 500 мың теңгеге спорт құралдарын сыйлағаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

Айта кетерлігі, «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ертіс ауданында «Мектебіме тағзым» акциясы қарқынды жүзеге асырылуда.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, Ертіс ауданы, мектеп, спорт құралдары