Бұл туралы BAQ.KZ тілшіс 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, осыған байланысты мемлекет басшысының адвокаты өкілдер палатасының спикері мен бірқатар комитет басшыларына хат жолдаған. Онда «демократтардың Трампқа қарсы тергеу жұмыстарына ешқандай конституциялық негіз жоқ» делінген.

Сонымен қатар хатта Ақ үй бұл іске қатысудан бас тартатыны да жазылыпты.

Айта кетсек, Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесем деп Дональд Трамптың басы дауға қалған еді. Осыдан кейін АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа импичмент жариялау процесін бастады.

pavlodarnews.kz

Тэги: