Жас жеткіншек 5 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп BAQ.KZ тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Иллинойс штатының прокуроры Грег Мингердің айтуынша, штаттың кішкентай тұрғыны 5 адамның өліміне кінәлі және қасақана өрт қойды деген күдікке ілінген.

Peoria Journal Star басылымының ақпаратына сәйкес, 6 сәуір күні жеткіншек жылжымалы үйге өрт қойған. Салдарынан тілсіз жаудан 5 адам қаза тапқан, оның 3-еуі бала. Екі адам құтқарылған.

Өрт 23.00-де басталған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде, үй лапылдап жанып жатқан.

Мингердің сөзінше, кішкентай балаға айып тағу оңай болмады.

"Бұл жантүршігерлік оқиға. Жас жеткіншек өте ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда", - деп айтты ол.

Егер бала сотталатын болса, ол 5 жыл сынақ мерзімімен бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Баланың жасын ескере отырып, сынақ мерзімін беру - дұрыс шешім деп ойлаймын", - деді прокурор.

pavlodarnews.kz

Тэги: