Бұдан бөлек, өңірлік коммуникациялар қызметінде сөйлеген Ирина Сорокинаның пікірінше, егілмеген балаларды балалар бақшалары мен мектептерге қабылдамау керек.

- Неге десеңіздер, қоғамда денсаулығына байланысты екпе қабылдауға болмайтын балалар бар. Мысалы, қызылшамен ауыратын бала егілмеген балалардың арасына түссе, оларды 100 пайыз ауыртады. Ал бұл ауру өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін, - дейді Ирина Сорокина.

Облыстық бас сандәрігер атап өткендей, екпе алу немесе алмау жөнінде шешім қабылдайтын ата-ана өз ұстанымдарымен қатар, өз баласының ғана емес, өзге балалардың денсаулықтарын қаперде ұстауы керек.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: тұмау, қызылша, вирус, екпе, ата-ана, жазалау