Айдар Тастеміров айтқандай, бұл шаруа қылмыстық істің қозғалуына әкеп соқтырды.

- Облыс әкіміне соған сәйкес хаттар жолданды. №39 мектепке қатысты мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалмақ. Мектеп жанындағы спорт алаңдары басқа емес, балаларымыздың дене шынықтырумен айналысуына қажет екендігін барлығымыз түсінеміз, - дейді Айдар Тастеміров.

Айдар Тастеміровтің айтуынша, осы жер учаскелерін жеке меншік құрылыс мақсатына пайдаланғысы келген кінәлі тұлғалар іздестірілетін болады.

Сонымен бірге, департамент қызметкерлері облыс орталығында ағаштарды кесу жұмыстарына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

- Тергеу амалдарының нәтижесінде ағаштарды кесу жұмыстары қажетті зерттеу жұмыстарынсыз, тұрғындардың пікірін ескерместен жүргізілген, - деді Айдар Тастеміров. – Тіпті, бұл жұмыстардың не мақсатпен жүзеге асырылғаны туралы да ешкім мардымды жауап бере алмады. Осы бағыттағы қызметті жалғастырмақпыз.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: коррупция, сыбайлас жемқорлық, №39 мектеп, баспана, құрылыс, ағаш кесу, қылмыс