Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Мамамнның ойынша, Головкин жаңа бапкері Джонатан Бэнкс тарапынан стратегия мен байланыстың жоғынан нашар дайындалған.

"Байқағаным GGG бабында болған жоқ. Бауырына хук тигеннен кейін ол іске қосылды - комбинация жасай бастады, жылдамырақ жұмыс істеді. Артынан қайтадан бәсеңдеп қалды. Меніңше, оған өз бұрышынан айтылатын кеңестер жетпеді... бапкерлердің ауысуы. Мәселе жаста деуге келмейді. Мен ардагер боксшыларды да жаттықтырғанмын, Даниэль Сарагоса сияқты. Олармен ұзақ сессия өткізетінмін, бірақ, ауыртпалықты азайтып, осыдан ол жақсы жұдырықтасатын. Эрик Моралестен сұрасаңыздар болады.

Геннадийге жалын керек еді, мұндай қарсыласты жеңу үшін шыдамдылық қажет, жылдамдықты үдету маңызды. Ол жылдам емес, бірақ, мықты және соққы жасай алады. Өзгерістерге байланысты оған енді бұл жеткіліксіз, ол осы ұшқынды жоғалтып алды", - дейді Беристайн ESPN Deportes арнасына берген сұхбатында.

pavlodarnews.kz

Тэги: