Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі жазды.

«Негізі ол азаматты кездесуге шақырған бөлімше басшысынан сұрау керек шығар. Мен бұны кеше білдім. Мамандандырылған күзет қызметінің басшылығы онымен сөйлесуі керек. (...) Әрбір мемлекеттік органда ақпараттық жұмыстар жүргізу жоспары бар. Олар осындай кездесуге танымал қоғам қайреткерлерін шақырады. Енді біз осы кездесудің қаншалықты қажет болғанын, оның өзінде не айтылғанын, форматы мен мазмұнын тексереміз. Содан кейін қорытындысы бойынга шешім қабылданады. Бұл тексеріс аяқталғанша мен түсінік бергім келмейді», - деді Калаичиди.

Айта кетейік, жақынд әлеуметтік желіде ақын Мұхамеджан Тазабектің әскерилер мен полиция қызметкерлеріне дәріс оқыған видеосы тарап, қоғамда қызу талқыға түсті. Әсіресе, «Біз қытайдан қорықпайық, құдайдан қорқайық», «Алаңға, ел паниковать етіп жатқан жерге баланы алып бару, әйелді апарып жылату – ең подлый нәрсе» сөзді көпшіліктің наразылығын тудырған болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: