Екеуі де қала тұрғындары болғанына қарамастан, ауылда өмір сүріп жатқандарына екі жыл өткен. Рената – Семей қаласының тумасы, ал Артур – павлодарлық. Жоғары оқу орнында екеуі бір топта оқып, дипломалды тәжірибесін де бірге өткізген.

- Тәжірибеден соң жастардың ауылда қалғысы келетіндерін білдім. Осы сәтте біз үйдің құрылысын аяқтап жаттық. Егер қалатын болса, баспанамен қамтамасыз ететінімізді айттым. Осылайша, 28 тамызда екі жас үйленіп, үйдің кілтін алды, - деп еске алды «Победа» ЖШС-нің директоры Александр Поляков.

Жастардың айтуынша, ауылдың болашағы бұлыңғыр деген – қате пікір. Керісінше, мамандар кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігіне ие.

Асы аптада Артур аграрлық экономика бойынша білім алу үшін Германияға аттанады.

Жастар әр демалыс сайын Павлодарға барып тұрады. Бірақ, ауылда еңбек етеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам