Оған өңірдің қалалары мен аудандарынан 17 білім беру мекемелерінің 123 тәрбиеленушісі қатысты. Қатысушылар 6 номинация бойынша 133 жұмыс ұсынды. Оның ішінде табиғи материалдан жасалған бұйымдар, тұрмыс үшін креативті заттар, ұлттық бояуы бар интерьер дизайны, матаны пайдаланып жасалған бұйымдар бар.

- Көрме қорытындысы бойынша «Шеберлер қаласы» сайысында Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушісі Дарья Быченко І орынға ие болды, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Ол байқауға илеу техникасында «Синичка» жұмысын ұсынды, жетекшісі - Светлана Евгеньевна Рейн. II орынды № 1 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ниязбек Бұланбаев иеленді. Ол көрмеге қазақтың ұлттық тұрмыстық заттары мен әшекейлерін - қамшы, шоқпар, шөміш, қымызға арналған тегеш, ағаштан, металдан (алюминийден), былғарыдан жасалған күміс белдеу ұсынды, жетекшісі - Махмет Қайнарбек Ерназарұлы, технология пәнінің мұғалімі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Шымкент қаласында өтетін «Шеберлер қаласы» жобасының республикалық турында Ертіс өңірінің намысын қорғайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам