- Шелпек - майға қуырылған құймақ, - дейді орталықта. - Бұл - қазақтың ұлттық тағамдарының қасиетті дәмінің бірі. Жүздеген жыл бұрын, тіпті ислам діні пайда болғанға дейін дайындалған. Әртүрлі аймақтарда рецепт әртүрлі:  суға, айранға илейді. Бірақ қарапайым рецепт - сүтке илеу. Дайындық кезінде Жаратушыға ризашылықпен құлшылық етіп, таза ниетпен жақындарының, туыстарының денсаулығы мен амандықтары үшін және ата-бабаларының (әруақтар) тынышталуы үшін дұға етеді. Әдетте 7-ден 9-ға дейін немесе қонақтарды күтіп жатса, 3-7 шелпек жасалады.

Шелпек дайындау үшін әрқашан қолда болатын қарапайым өнімдер пайдаланылды. Бұл - ұн, сүт немесе су, май, тұз, қант.

«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық қорының өкілдері қыздарға арналған «Жеті шелпек» шеберлік сабағын өткізеді. Шеберлік сағаты барысында әжелер қазақтың ұлттық тағамдарының бірі туралы әңгімелейді және оны қалай пісіру керектігін де көрсетеді.

Шараның негізгі мақсаты - ұлттық салт-дәстүрді сақтау, ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, қазақ халқында қыз тәрбиесіне көңіл бөлу, отбасылық қатынастарды нығайту.

Өтетін мерзімі: 31 қазан 2019 жыл сағат 15.00-де.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет