Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Егер украиналық боксшы Геннадий Головкиннен реванш алудың мүмкіндігі болмаса, Сауль Альварес немесе Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге дайын екенін білдірді.

«Мен реванш өткізгім келеді, дүниежүзі осыны күтіп отырғанына сенімдімін. Бұл Головкиннің соңғы жылдарда өткізген ең мықты айқасы болды. Келесі жекпе-жекте IBF және IBO тұжырымдарының әлем чемпионы бола алатыныма сенемін. Екінші айқасқа сұраныс болады деп ойлаймын, сондықтан менің промоутерлерім мен менеджерлерім оны ұйымдастыруға барын салады», - деді Деревянченко.

Боксшы екінші жоспары да бар екенін жасырмады.

«Егер реванш болмаса, «Канело» Ковалевпен жұдырықтасып болған соң, онымен ұстасып көргім келеді. «Канеломен» жекпе-жек өткізетініме сенемін, өйткені, орта салмақта басқа лайықты ешкім жоқ. Егер «Канело» да жабық болса, Чарломен кездесіп, 160 фунтта шайқастың көкесін көрсетуші едім», - деді украиналық былғары қолғап шебері.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: