Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, байқау Нұр-Сұлтан қаласының «ҚазМедиа Холл» концерттік залында өткен.

- Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 3-18 жас аралығындағы 200-ден астам бала қатысты. Байқау вокал, хореография, аспаптық орындау, театр шығармашылығы, көркем сөз бойынша өтті, - дейді білім беру бөлімінің өкілдері.

Вокал бойынша қазылар алқасының құрамында педагогтар, танымал қазақстандық орындаушылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ләззат Омарова, Айдын Жұмабай, Ринат Малцагов болды.

Сұңқар алты жасынан бастап вокалмен шұғылданады. Педагогтары - Динара Рахметова мен Рыскелді Рахимбаева. Жас әнші «Балауса-2018», «Бала дауысы-2019» секілді қалалық деңгейдегі конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

pavlodarnews.kz

Тэги: білім беру, мектеп, өнер, ән, мәдениет