Еске сала сала кетейік, Есеналиев көшесі, 24-ші үйде орналасқан ХҚКО 16 қыркүйекте жөндеу жұмыстарына жабылды. Қызметкерлер ХҚКО-ның басқа бөлімдеріне жіберілді. Дайын құжаттарды беру секторы бұрынғы режимде 9-ден 20:00-ге дейін жұмысын жалғастырды.

- Бүгін халыққа қызмет көрсету жөніндегі №2 бөлім өз жұмысын қайта бастады, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Павлодар филиалының PR-менеджері Мейрамгүл Есімова. - Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жаңартылған бөлімнің кеңістігі 300-ден 700 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Енді мұнда жеке залдар - күту, операциялық, сандық қызметтер, сондай-ақ бизнес аймақ пайда болды. Жақын арада балалар бұрышын жабдықтайды.

Мемлекеттік корпорацияның филиалында хабарлағандай, мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ларға бармай, egov.kz және жаңартылған eGovmobile мобильді қосымшасы арқылы порталда алуға болады.

- Жетілдірілген мобильді қосымша саусақ ізімен немесе FaceID арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Мейрамгүл Есімова. - Енді онлайн режимде қызметтерге тапсырыс беру кезінде сұранысты растау қажеттілігі жоқ. Ол үшін бір рет электрондық-цифрлық қолтаңбаны биометриялық деректерге тіркеу жеткілікті.

Айта кету керек, қазіргі уақытта eGovmobile қосымшасында 28 қызмет қолжетімді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу, сотталғандығының болуы немесе болмауы, жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкі, бала туғанда және бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу туралы анықтамалар бар.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ХҚКО, халық