Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Алдағы бір, бір жарым айда алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бензин және дизель отыны нарығында қандайда бір ауытқулар жоқ... Бензин мен дизель отыны реттелмелмейді, қазір барлығы да сұраныс пен ұсынысқа байланысты", - деді министр.

"Бұл тұтынушы үшін жақсы, себебі бензин бағасы төмен және дизель отынының да бағасы аса қымбат емес. Менің айтайын дегенім бізде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен салыстырғанда әлдеқайда бензин бағасы төмен", - деді ол.

Қанат Бозымбаев уақыт келе Қазақстанда жанар-жағармай бағасы Ресейдікімен теңесетінін айтады.

"Біз мәжбүрлі түрде осыған барамыз. Бұл кезең кезеңімен көршілермен жақындай түсеміз. Бензиннің өзі бізбен Ресейді салыстырғанда айырмашылығы - 100 теңге. Кез-келген тыйым салулар шекарадағы сыбайлас жемқорлықты жояды. Кезең-кезеңімен келеді, бірақ бірден бола салмайды", - деді ведомство басшысы.

pavlodarnews.kz

Тэги: