Жаңа жатақхана 600 адамды қамтиды. Нысанды 2020 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарлануда.

- Бес қабаттың екеуі толығымен дайын, - деді университет ректоры Мейрам Бегентаев. - Білім министрлігі және аймақ басшысының қолдауымен жатақхананың үшінші қабатын салуға көштік. Осындай қарқынмен жақында құрылыста әрлеу жұмыстары да басталады.

Сонымен қатар, кездесу барысында тағы бір құрылыс туралы мәселе қарастырылды. Төртінші студенттер үйі бас корпустың жанындағы ескі стадионда салынуы мүмкін.

Айгүл Жүсіпова

pavlodarnews.kz

Тэги: ПМУ, Павлодар, Мейрам Бегентаев, Болат Бақауов, Жатақхана, құрылыс